17-қараша – Халықаралық студенттер күніне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтілді.

Шалқар көпсалалы колледжі 2024-2025жж. «Біртұтас тәрбие – бағдарламасын» іске асыру мақсатында және 17-қараша «Халықаралық – студенттер күніне» орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өткізді.
Концерттік шараға студенттерімізге әрқашан қолдау білдіріп жүретін Жастар ресурстық орталығы және серіктес мекеме басшылары да қатысты.
1.Жастар ресурстық орталығы басшысы-Ембергенов Айбек Ерқосайұлы
2. «Қамқор вагон ЖШС» Шалқар вагон жөндеу филиалы басшысы- Әлжанов Нұрым Дәрібайұлы
3. Ақтөбе локоматив жөндеу депосы «Қамқор локоматив» ЖШС Шалқар сервис орталығы басшысы- Жақсылықов Еркебулан Ақбергенұлы
4. Жеке кәсіпкер – Жугунусов Аслан Абайұлы
5. Жеке кәсіпкер, «Алмагүл наубайханасының» басшысы -Көпесов Ардан Ожанұлы.
​
​Шара барысында колледж директоры Жұқатаева Жадыра Жиенғазықызы студенттерді төл мерексімен құттықтай отырып, оқу орынымызда белсенділік көрсетіп жүрген студенттерге Алғыс хат және бір реттік степендия тағайындады.
​Өз кезегінде Жастар ресурстық орталығының басшысы, аудандық іс-шараларға белсене қатысып жүрген студенттерді марапаттады.
Серіктес мекеме басшылары теориялық білімдерін практикада ұштастырып, озық тәжірибе көрсетіп жүрген студентерді марапаттап, бағалы сыйлықтарын ұсынды.
​
Сонымен қатар концерттік бағдарлама барысында шебер класстар мен көрмелер ұйымдастырылып, колледж оқытушылары, студенттер мен ата-аналар қатысты.

You may also like...