“Адал Азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында, сонымен қатар кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес “Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері”біліктілігі бойынша КБШ-206 мақсатты оқу тобының студенттері Бисенбаев Айбек және Нұруллин Жеткізген ЖК”Амандық”мекемесінде 1 ЖОББМ оқушыларына шеберлік сыныбын көрсетті. Журнал үстелінің сызбасын дайындап,қауіпсіздік ережелерін түсіндірді ,әрі қарай станокта бұйымды құрастырды.Оқушыларда бұйымды құрастыруға қызығушылықпен кірісті.Оқушылардың жиһаз бөлшектерін дұрыс жинау және бекіту дағдыларын қалыптастыру,құралдармее қауіпсіз жұмыс істеуді үйрету,ұқыптылық пен техникалық қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырған шеберлік сыныбындағы дайын бұйымды студенттер колледжге сыйлады. Өндірістік оқыту шебері: Кулманова Игилик Карибозовна
Құрметті сайт қонақтары!
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Сол жастардың заман талабына сай маман болуын біз қашанда назарда ұстап келеміз.Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып жүр.