Құрметті әріптестер,ата – аналар,студенттер!!!
Құрметті әріптестер,ата – аналар,студенттер!!!
Баршаңызды ұлы мерекеміз – 25 қазан, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің, халқымыздың еркіндікке деген ұмтылысының символы. Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш сезімін ұялататын қасиетті мереке.
Біз Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз еңбегімізбен, білімімізбен, ынта-жігерімізбен үлес қосуымыз керек. Егемен еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі жас ұрпақ!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Мерекемен, қадірлі қауым!
Құрметпен,колледж директоры Жадыра Жиенғазықызы🇰🇿