2025 жылдың 9 қазан күні ЛМК -301 тобында буллингтің және кибербуллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бұл іс-шараны аудандық полиция бөлімінің инспекторы Е.Нагимбаев арнайы келіп өткізді. Жиналыс барысында инспектор буллингтің не екенін, оның түрлері мен қоғамға тигізетін зиянын түсіндірді. Студенттерге буллингтің құрбаны немесе куәгері болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі туралы нақты кеңестер берілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі кибербуллинг мәселесі де қозғалды. Инспектор студенттерді бір-біріне құрметпен қарап, адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырды. Жиналыс соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
Ұйымдастырушы:топ жетекші Г.Б.Демеубаева

You may also like...