Дублер күні – болашаққа бағыт!
Республикалық «Дублер күні» жобасы аясында Шалқар көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен №2 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары серіктес мекеме “Қамқор Локоматив”ЖШС -нің Ақтөбе Локоматив жөндеу депосы Шалқар сервистік ұжымының жұмысымен танысып, үздік мамандардың ассистенті ретінде бір күндік тәжірибеден өтті.
Игі бастама – оқушыларға өндіріс орнындағы еңбек тәртібімен, технологиялық үдерістермен танысып, өз қабілеттерін іс жүзінде сынауға мүмкіндік беретін тамаша тәжірибе алаңы.
Кәсіпорында өткен бұл күн жасөспірімдердің кәсіби бағдарын айқындап, еңбек адамдарына деген құрметін арттырды. Осындай жобалар жас ұрпақтың болашаққа деген сенімін нығайтып, еңбекке деген қызығушылығын оятады.