Колледж директоры Жадыра Жұқатаева референдумға қатысты
Колледж директоры Жадыра Жұқатаева референдумға қатысты
Бүгін колледж директоры Жадыра Жұқатаева республикалық референдумға қатысты.
Ол Ә.Жангелдин мектебінде орналасқан № 489 референдум учаскесінде дауыс берді.
Дауыс берген соң колледж директоры әрбір азамат үшін мұндай маңызды шараға қатысудың маңызы зор екенін айтты.
«Бүгінгі референдум — еліміз үшін маңызды әрі тарихи қадам. Мен сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым. Колледж директоры ретінде мен үшін жастардың білімі мен болашағы ерекше маңызды. Сондықтан еліміздің дамуы мен жас ұрпақтың келешегі үшін бүгін дауыс бердім», — деді Жадыра Жиенғазықызы.