Т-203 оқу тобында «Қазіргі киім үлгілерін ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу» тақырыбында ашық сабақ өтті.

“Тігін өндірісі және тамақтануды ұйымдастыру” апталығы аясында Т-203 оқу тобында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша «Қазіргі киім үлгілерін ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу. Ою-өрнек түрлері мен мағынасын ажырату және қолдану» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында студенттер қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлерімен танысып, олардың мағынасы мен қолданылу ерекшеліктерін талдады. Сонымен қатар, заманауи киім үлгілерін ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен сәндеудің әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, заманауи сән үлгілерін жасау – болашақ мамандар үшін маңызды қадам. Студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, қызықты тапсырмалар орындап, белсенділік танытты.
Ұлттық өнер мен қазіргі сәннің үйлесімі – әрдайым өзекті! Өндіріс шебері:Егізбай Г.Қ

You may also like...