ЛМК -104 тобында «Әлемнің ең әдемі сөзі – Ана!» тақырыбында ашық тәрбиелік сағаты өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ЛМК -104 тобына «Әлемнің ең әдемі сөзі – Ана» тақырыбында ашық тәрбиелік сағаты өтті. Шараның мақсаты – студенттердің жүрегіне анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ананың өмірдегі ерекше орнын түсіндіру.
Тәрбиелік сағат барысында студенттер ана туралы жылы лебіздерін білдіріп, өлең жолдарын оқып,ойындар ойнап, қызықты номинациялар мен ашық хаттар таратылды. Ана – өмірдің бастауы, тәрбие мен адамгершіліктің алғашқы ұстазы екені тағы да айтылды.
Топ жетекшісі : Ж.Сагимбаева