Көрісу күні колледжімізде кең көлемде аталып өтті.

🌷Көрісу күні – қазақ халқының ұлттық дәстүрге бай мерекелерінің бірі. Бұл күн қазақ халқы үшін ерекше мағынаға ие. Адамдар бір-бірімен қауышып, амандасып, өткен реніштерді ұмытып, жаңа жылды ақ ниетпен қарсы алатын ізгі дәстүрдің көрінісі.
Шара барысында колледж ұжымы мен студенттері бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Бұл кездесу ұйымшылдық пен сыйластықты арттырып, ұлттық дәстүрдің мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. 🤝

https://youtube.com/shorts/p20GlrBbOhw

You may also like...