Қайырымдылық күні ерекше көңіл күйде ұйымдастырылды

Наурызнама онкүндігіне сәйкес 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Соған орай колледж жастары Оңалту орталығындағы балаларға жылы лебіздерін білдіріп сыйлықтар тарту етті.

Жастар мейірім мен қамқорлықтың маңызын көрсете отырып, орталықтағы жандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қайырымдылық – жүректен шығатын ең асыл қасиет. Осындай игі істер қоғамымызды жақсылыққа бастайды.

Жақсылық жасап жарысайық! 🤍

You may also like...