7 сәуір – Дүниежүзілік спорт күніне орай колледжде денсаулық фестивалі өткізілді.
7 сәуір – Дүниежүзілік спорт күніне орай колледжде денсаулық фестивалі өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – студенттердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болды. Сонымен қатар, білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың бойында жауапкершілік, ұйымшылдық және белсенділік қасиеттерін қалыптастыру көзделді.
Фестиваль аясында студенттермен қатар оқытушылар да белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосты. Ұстаздар жастарға қолдау көрсетіп қана қоймай, өздері де teambuilding ойындарына қатысып, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Бұл өз кезегінде студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыра түсті.