«СТУДЕНТ. ТӘРТІП. БІЛІМ» атты студенттермен кездесу өтті
«СТУДЕНТ. ТӘРТІП. БІЛІМ» атты студенттермен кездесу өтті
3 сәуір 2026 жылы Шалқар көпсалалы колледжінде «СТУДЕНТ. ТӘРТІП. БІЛІМ» атты студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Шараға облыстық білім басқармасының басшысы, мемлекеттік мүдделі органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, педагогтар, ата-аналар және студенттер қатысты.
Кездесудің мақсаты – студенттердің білімге, тәртіпке және кәсіби дамуға жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және олардың өз ойларын ашық жеткізуіне мүмкіндік жасау.
Қонақтар алдымен колледждің материалдық және техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ, өз ой-пікірлерін бөлісіп, студенттерге тәрбие, отбасылық құндылықтар, кәсіби даму және құқықтық мәдениет жөнінде маңызды кеңестер берді. Студенттер «Еркін микрофон» бөлімінде өз ойларын ашық жеткізіп, белсенділік танытты.
Кездесу соңында колледж гимні орындалып, шараға қатысушылардың белсенділігі мен ой-пікірлеріне алғыс білдірілді. Кездесу жастар мен педагогтар үшін нәтижелі әрі тәрбиелік мәні зор диалог алаңы ретінде есте қалды.