Аккредиттеудің үшінші күні – ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды

 

Аккредиттеудің үшінші күні аясында Шалқар көпсалалы колледжінде сыртқы сарапшылар комиссиясының қатысуымен ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Күн тәртібіне сәйкес сарапшылар колледж оқытушыларының ашық сабақтарына қатысып, оқыту әдістері, білім беру технологиялары және студенттердің сабаққа қатысу белсенділігімен танысты.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері ұйымдастырылған шеберлік сыныптарына қатысып, білім алушылардың тәжірибелік дағдыларының қалыптасу деңгейін және оқытушылардың кәсіби шеберлігін бағалады. Бұл жұмыстар колледждегі оқу үдерісінің сапасын жан-жақты саралауға бағытталды. ⚜️

 

You may also like...