Колледж студенттері Шалқар аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына арнайы барып, мекеме жұмысымен танысты.
Колледж студенттері Шалқар аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына арнайы барып, мекеме жұмысымен танысты. Кездесу барысында жастарға адалдық, әділдік және заң талаптарын сақтау бағытында маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидатын қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қоғамдағы жемқорлықтың алдын алу, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері кеңінен айтылды.
Мамандар студенттерге мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен сенімнің маңыздылығын түсіндіріп, әр азаматтың адал қоғам құрудағы рөлі ерекше екенін атап өтті. Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, болашаққа деген жауапкершілік сезімін нығайтуға өз үлесін қосты.