2026 жылдың 29-мамыр күні әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес «Электр жабдықтары, газбен дәнекерлеу және құрылыс» мамандықтары апталық аясында «Бүгінгі студент-ертеңгі жол маманы» топтан тыс шара ұйымдастырылды.

Білім алушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру мақсатында өндірістік оқыту шебері Жақып Сакен Қуанышұлы және еңбекті қорғау бойынша бас инженер Мұхамбетжанов Ақжол Бауыржанұлымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында студенттер темір жол саласының ерекшеліктерімен танысып, мамандардың жұмыс тәжірибесі, күнделікті қызметі және қауіпсіздік талаптары туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Осындай кездесулер студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырып, тәжірибелік білімін толықтыруға үлкен мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушы: Н.Ө.Жандоңғарова