Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 400 педагогі облыстық тамыз кеңесі аясында бір кәсіби алаңда бас қосып, жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен саланы дамытудың басым бағыттарын талқылады

Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 400 педагогі облыстық тамыз кеңесі аясында бір кәсіби алаңда бас қосып, жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен саланы дамытудың басым бағыттарын талқылады. Кездесу Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде офлайн және онлайн форматта өтті. Негізгі назар еңбек нарығында сұранысқа ие кадрлар даярлауға, жұмыс берушілермен өзара байланысты нығайтуға, дуальды оқытуды дамытуға, цифрландыруға және заманауи білім беру технологияларын енгізуге аударылды.
🏫Жиынды ашқан Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева кәсіби білім беру жүйесінің алдында өңір экономикасына қажетті сапалы кадрлар даярлау міндеті тұрғанын атап өтті.
Атылмыш жиынға колледж басшысы Ж.Жұқатаева және әріптестеріміз Ә.Омарова,Ә.Сағынова мен А.Оразаев қатысты.

You may also like...