«Тәртіпке бас иген құл болмайды»

«Тәртіпке бас иген құл болмайды» ⚖️

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құндылығы бойынша колледж студенттерімен құқық қорғау органының қызметкерлері арасында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, қауіпсіз мінез-құлық және интернеттегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттар алды.

Заңды білу – өз құқығыңды білу, тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті! 🇰🇿

You may also like...