Темір жол саласы бойынша кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды
2026 жылғы 10 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында темір жол саласы бойынша кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты – темір жол саласы бойынша кәсіби шеберлігі жоғары, шығармашыл педагогтерді анықтау, қолдау және озық кәсіби тәжірибені тарату.
Байқауға темір жол саласы бойынша мамандар даярлайтын облыстың 5 колледжінің педагогтері қатысып, теориялық және практикалық тапсырмалар арқылы кәсіби білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Конкурсқа төрелік жасаған қазылар алқасының құрамы әлеуметтік серіктес ұйымдардың білікті мамандарынан жасақталды. Конкурсанттардың жұмыстары белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес CIS жүйесі арқылы бағаланды.
Конкурс қорытындысы бойынша әріптестеріміз Жандоңғарова Нұрсауле “Темір жол құрылысы және жол шаруашылығы”құзіреттілігі бойынга І орын;
Демеубаева Гулсезим “Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету”құзіреттілігі бойына ІІ орын иеленді.Құттықтаймыз