«ЖАСТАРҒА КЕҢЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ!

Бүгін Шалқар көпсалалы колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы, оның ішінде жастар арасында көше қылмысын, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстарды азайту мақсатында “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерлету “Жастарға кеңес” жобасының «Қауіпсіз қоғам» акциясы аясында студенттермен кездесу болып өтті.

📌Кездесуге Шалқар ауданы прокуратурасының прокуроры Ж.Мерекеұлы, Шалқар аудандық полиция бөлімі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны Г.Қарасаева, Аудандық аналар кеңесінің төрағасы М.Бекетова және кеңес мүшесі Г.Қобыландина, Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теолог маманы А.Жетпісбаев, психолог Ә.Айтжанова, жастар ресурстық орталығының басшысы А.Ембергенов қатысты.

📌Профилактикалық шара барысында ең алдымен колледж жатақханасы қаралып, студенттерге жасалып жатқан жағдайлар баяндалды. Әрі қарай құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтану жолдары, буллинг, кибербуллингке қарсы тұру және олардан арылу жолдары, сондай-ақ деструктивті діни ағым идеологиясынан сақтану тақырыбына сөз қозғалып, мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақпараттарын ортаға салды. Іс-шара соңында арнайы әзірленген бейнематериалдар көпшілік назарына ұсынылды.

📌Аталған профилактикалық іс-шара жыл соңына дейін жалғасатын болады.

 

https://youtu.be/AHA3u590OH8

You may also like...