Мамандыққа бағдарлау мақсатында меморандумға қол қойылды
Ақтөбе облысы білім басқармасының №368 бұйрығына сәйкес облыс мектептерінде оқушыларды мамандыққа бағдарлау,еңбек нарығына сай кадрлар даярлау мақсатында Шалқар көпсалалы колледжі директоры Ж.Жұқатаева, № 3 ЖОББМ-нің директоры А.Ізтілеуова және Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ – нің директоры Л.Айтымбетова өзара ынтымақтастық негізінде кәсіптік бейінді сыныптарды ашу туралы меморандумға қол қойды.Бұл келісім аясында оқушыларға кәсіптік бағытта білім беріліп, болашақ мамандыққа ерте бейімделу мүмкіндігі ұсынылады
