“Кәсіби құзіреттілік – еңбек қатынасының эволюциясы” атты республикалық форумнан
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткен “Кәсіби құзіреттілік – еңбек қатынасының эволюциясы” атты Республикалық форумның қорытынды бөлімінде колледж директоры Ж. Жұқатаева колледж ұжымын оқу орнының 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы сый табыс етті.
Кеш барысында арнайы алғыс ретінде Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты Шалқар көпсалалы колледж ұжымына табысталды. Сонымен бірге, форум жұмысына әділ сарапшылық жасап, кәсіби бағасын бергені үшін Ж. Жұқатаеваға Қызылорда облыстық білім басқармасының алғыс хаты табысталды.
Бұл марапаттар форумның жоғары деңгейде өткенін және білім саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызын айқындай түсті.