«Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі» атты студенттерге арналған мерекелік іс-шара өтті.

Бүгін колледжімізде 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай «Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі» атты студенттерге арналған мерекелік іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – студенттердің белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық қабілетін қолдау және мерекелік көңіл күй сыйлау.
Алғашқы құттықтау сөз кезегін сөйлеген колледж директоры Ж. Жұқатаева өз сөзінде студенттік шақтың адам өміріндегі ең қызықты әрі маңызды кезең екенін атап өтіп, білім жолындағы талпыныс пен ізденістің жемісті болуын тіледі және биыл колледжге қабылданған студенттерге сынақ кітапшалары мен студенттік билеттер табысталды. Сонымен қатар оқу, қоғамдық жұмыстар мен шығармашылық бағыттарда ерекше көзге түскен белсенді студенттерді марапаттады.
Бізде өз кезегімізде жарқын студенттерімізге армандарыңыз орындалып, биік белестерді бағындыра беріңіздер демекпіз

You may also like...