Аудандық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні Шалқар аудандық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңес отырысына аудандық, қалалық ардагерлер, ақсақалдар, әжелер кеңесінің төрағалары, “AMANAT” партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы, кеңес мүшелері және Шалқар көпсалалы колледжінен медбике Мамбетрзаева Аманжай қатысты.
Шара барысында аудандық аналар кеңесі жұмысының қорытынды есебі тыңдалып, ағымдағы жылдың жұмыс жоспары талқыланды.Сонымен бірге “Мейірім керуені”әлеуметтік бөлмесіне демеушілік жасап жүрген бірқатар кәсіпкерлерге аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының атынан Алғыс хат табысталды.
Кеңес мүшелері мен қатысушылар жыл бойы жасалған нәтижелі жұмыстар жөнінде лебіздерін білдіріп, алдағы істерге сәттілік тіледі.

You may also like...