А-302 тобында «Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.
«Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік тиімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық науқан» аясында А-302 тобында «Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатына аудандық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобы әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау инспекторы Бахитбекова Анар Темировна қатысты.
Мақсаты:
-Студенттерге зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, оның адам бойындағы ең жаман қасиеттердің бірі екенін түсіндіру.
-Қазіргі қоғамда кездесетін сталкинг әрекеттері, некеге мәжбүрлеу, мұндай әрекеттер адамның жеке өміріне қол сұғу болып табылады және заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын түсіндіру.
Топ жетекшісі: С.Бекмурзина