Шалқар көпсалалы колледжінде «Әкіммен ашық кездесу: Студенттер үні» өтті
Аудан әкімі Жанболат Өтеғұлұлы Жидеханов колледжге арнайы келіп, алдымен оқу корпусы, шеберханалар, зертханалар және материалдық-техникалық базамен танысты. Өндірістік оқыту алаңдарын аралап, студенттердің тәжірибелік жұмыстарын көріп, білім беру үдерісіне оң бағасын берді.
Кездесу аясында «Әкіммен ашық кездесу: студенттер үні» атты еркін форматтағы диалог алаңы ұйымдастырылды. Студенттер өз жетістіктері мен бастамаларын таныстырып, кәсіби білім беру, өндірістік тәжірибе, спорт, жастар саясаты және инфрақұрылым мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.
Ашық диалог барысында жастар көкейіндегі сұрақтарын тікелей қойып, еркін пікір алмасты. Бірқатар ұсыныстар назарға алынып, тиісті қолдау көрсетілетіні айтылды.
Мұндай кездесулер – жастардың белсенділігін арттырып, болашақ мамандарды қолдауға бағытталған маңызды алаң.
https://youtube.com/shorts/MmjSAeGoOzs