8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің ең әдемі сөзі – Ана!» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды.
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің ең әдемі сөзі – Ана!» тақырыбында аяулы ұстаздарымызға, ардақты аналарымызға, нәзік қыздарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік кешке ардагер ұстаздарымыз – Мира Саединқызы, Жеміс Сембайқызы, Ғалия Қалдыбекқызы, Алтын Алданқызы қатысты.
Кеш барысында жүрекжарды әндер шырқалып, әсем билер мен әсерлі өнерлер көрсетіліп, ұстаз-аналарға, нәзік жанды аруларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Барша әйелдер қауымын – көгілдір көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын.
Шараның мақсаты:
– Аяулы ұстаздарды, нәзік қыздарды құрметтеу, анаға деген сүйіспеншілікті арттыру. Ананың құдіретін, өмірдегі алатын орнына алғыс айту, нәзік жанды аруларымызды аялау.
Ұйымдастырушы: А-302 топ жетекшісі С.Бекмурзина