Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды

Шалқар көпсалалы колледжінің басшысы Ж. Жұқатаева және колледж оқытушылары полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз жүрмеуін қадағалау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ата – аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлерімен бірлескен мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың қауіпсіздігі мен тәртібін нығайтуға бағыттала бермек.

You may also like...