Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жұмыстары жүргізілді.

Бүгін Шалқар көпсалалы колледжінің оқытушылары кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейд барысында ойынханаларға, дүкендерге және қоғамдық орындарға барып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🔹 Мақсаты: Жасөспірімдердің арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңбұзушылықтың алдын алу және түнгі уақытта бейберекет жүрудің алдын алу.

You may also like...