Меморандумға қол қойылды

Бүгін колледж директоры Жұқатаева Жадыра Жиенғазықызы мен Алматы технологиялық колледж директоры Қарағұлов Ерұлан Серікұлы екі білім беру мекемесі арасында өзара әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі жақты меморандумға қол қойды. Құжат аясында колледждер білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар ұйымдастыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту сынды бағыттар бойынша жұмыс істеуге уағдаласты.
Меморандум екі оқу орны арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, сапалы маман даярлау ісіне оң ықпалын тигізбек.

You may also like...