“DARYN QUIZ” атты топтық олимпиададан студенттеріміз жүлделі 2-ші орын иеленді
“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми -тәжірибелік қосымша білім беру орталығының “Олимп шыңына жетелеуші” атты дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтердің “Жаратылыстану ғылымдар Ассоциациясы” 2025жылдың 19 желтоқсан күні колледж студенттеріне арналған облыстық “DARYN QUIZ” атты топтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға облыстан 9 колледж қатысты.
📝Екі кезеңнен тұратын олимпиадада студенттер Қазақстан тарихы, математика,оқу сауаттылығына байланысты тест сұрақтарын орындады,жабық сұрақтардың шешімін тапты .Экранға шығарылған тапсырмаларға толық жауап берді және финалдық кезеңде 30,40,50 балдық ұяшықтарды таңдап,логикалық сұрақтарға жауап берді.
✅Білім додасына белсене, аса қызығушылықпен, шабыттана қатысқан колледж студенттері жалпы пәндер бойынша терең білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді.
🏆Аталмыш олимпиадаға колледжіміздің 1-2 курс студенттерінен құралған “Қайсар құрама” командасы бақ сынасып, қарсыластарын басып озып, жүлделі ІІ орын иеленді.🥈
💐Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!
✅Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Науанова Айгерім Қуанышқызы