Category: Тәрбие бөлімі

Түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Шалқар көпсалалы колледж оқытушылары кәмелет жасқа толмаған жааөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында студенттердің үйлеріне және ойынханаларға барып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

“Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану- экологиялық жауапкершіліктің кепілі”

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, ЛМК -104 оқу тобының студенттері “Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану- экологиялық жауапкершіліктің кепілі” тақырыбында тиімді қоңырау ұйымдастырды. Топ жетекшісі: Ж.А.Сагимбаева  

Құрмет — адамгершіліктің бастауы.

Құрмет — адамгершіліктің бастауы. Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсете білу – нағыз мәдениеттің белгісі. Студенттік Парламент құрметке негізделген орта қалыптастыруды қолдайды.

«Көңілді қоңырау» ұйымдастырылды.

Колледжде студенттердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Көңілді қоңырау» ұйымдастырылды. Қоңырау барысында студенттер серігіп, белсенді ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өткізген: колледж психологы А.Р.Жолмырзина  

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына байланысты “Күміс қанатты поэзия” тақырыбында жыр сайысы өткізілді.

Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына байланысты “Күміс қанатты поэзия” тақырыбында жыр сайысы өткізілді. Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Өткізген: Колледж...

Ата-аналар кезекті кезекшілікте!

” Адал азамат, біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ЛМК – 104 топтың ата-аналары кезекті кезекшілікке тұрды. Балаларымыздың қауіпсіздігі мен тәртібі үшін уақыт бөліп, жауапкершілік танытқан ата-аналарға алғыс айтамыз!

«Батаменен ел көгерер» атты сайыс өткізілді.

Колледжімізде ата-аналар қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Батаменен ел көгерер» атты сайыс өткізілді. Үш кезеңнен құралған сайысқа бес топ қатысып, өзара бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды. Мақсаты:ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, бата...

Аудандық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні Шалқар аудандық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес отырысына аудандық, қалалық ардагерлер, ақсақалдар, әжелер кеңесінің төрағалары, “AMANAT” партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы, кеңес...

Жатақхана студенттерінің бос уақыты тиімді ұйымдастырылды.

Шалқар көпсалалы колледж жатақханасының студенттерінің бос уақытын ұйымдастыру мақсатында мұз айдынына барып, көңілді , қызықты ойынын өткізді. Ұйымдастырушы: Салықбаева Б.С