“Ата – аналар кезекшілігі “жобасы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілік ұйымдастырылды.
Колледжімізде “Ата – аналар кезекшілігі “жобасы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілік ұйымдастырылды.
Жобаның басты мақсаты – колледж ішіндегі тәртіпті күшейту, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата – аналардың оқу орны өміріне тікелей қатысуын нығайту.
Кезекшілік міндеттері:
1. Тексеріс және Бақылау: Ата-аналар сабақ басталмай тұрып келіп, студенттердің уақытылы келуін және колледж формасы талаптарының сақталуын жіті қадағалады. Олар сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, колледжге кіргізуге тыйым салынған заттардың бар-жоғын да тексерді.
2. Тәртіп: Коридорлар мен асханадағы тәртіпсіздіктердің алды алынып, оқу процесі үшін қажетті тыныштық қамтамасыз етілді.
3. Көмек: 1-курс студенттеріне бағыт-бағдар беріліп, олардың колледж ортасына тез бейімделуіне қолдау көрсетілді.
4. Нәтиже: Кезекшілік барысында құқыққа қарсы және әдепке жат іс-әрекеттер тіркелмеді.
Ата-аналардың жылы жүзі мен ұқыптылығы студенттеріміздің тәртіп мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді. Бұл – балаларымыздың оқу ордасында өзін жайлы және қауіпсіз сезінуіне тікелей ықпал ететін үлкен көмек.
Бірлескен жұмысымыз жалғасады! Келесі кезекшілікке қатысатын ата-аналарды да осындай жауапкершілікпен келуге шақырамыз.
Студееттердің қауіпсіздігі – ең үлкен құндылық және ортақ жетістік!
