Қазақстан және Қытай колледждері жасанды интеллект саласында ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан және Қытай колледждері жасанды интеллект саласында ынтымақтастықты нығайтады
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2025 жылғы 31 қазанда Қытайдың Ухань қаласында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық форум өтті.
Іс-шара «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында «Қытай мен Қазақстан арасындағы ақылды байланыстар: жасанды интеллект қолдауымен кәсіби білім беруді дамыту» тақырыбында ұйымдастырылды.
Қазақстан тарапынан «Talap» КЕАҚ және IT бағыты бойынша еліміздің 10 жетекші колледжі қатысып, Қытайдың Хубэй провинциясы Білім департаменті мен бірқатар технологиялық компаниялармен тәжірибе алмасты.
Форум қорытындысы бойынша тараптар:
• Жасанды интеллект саласындағы Қазақстан–Қытай білім беру альянсын құру,
• AI-зертханалар мен инновациялық шеберханалар ашу,
• қос дипломды бағдарламалар мен тағылымдамалар ұйымдастыру жөнінде келісімге келді.
Сондай-ақ FiberHome Telecommunication Technologies Co., Ltd. компаниясымен ынтымақтастық орнату жоспарланып отыр. Бұл келісім Қазақстанның ТжКБ жүйесіне жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымның жаңа шешімдерін енгізуге жол ашады.
