«Қыз – еркем, анасымен – көркем!» тақырыбындағы топтар арасында аспаздық сайысы ұйымдастырылды.

5 қараша күні А-302 тобы мен КБШ-206 тобының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ата-анамен жұмыс жоспарына сәйкес «Қыз – еркем, анасымен – көркем!» тақырыбындағы топтар арасында аспаздық сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қоғамдағы қыз баланы тәрбиелеудегі ананың үлгісін, мәдениетін арттыру, жауапкершілігін ұғындыру, отбасында бақытты ұрпақтың өсуіне ықпал ету. Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты, таза жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Нәтижесінде
І дәрежелі Дипломмен:
ЛМК-104 тобы ата-ана Сүйеуқұлова Айым, А-302 тобы студенті Сауренбай Аружан.
ІІ дәрежелі Дипломмен Т-102 тобы ата-ана Алтынбекова Ағайша, Балкибаева Үмітай.
ІІІ дәрежелі Дипломмен Т-102 тобы ата-ана Сартабанова Айгерім, Сартабанова Нұрай.
ІІІ дәрежелі Дипломмен ВЖС-104 тобы ата-ана Айтығұлова Жазира, ЛМК-201 топ студенті Майлыбаева Жазира. Іс-шараға атсалысқан ата-аналар мен студенттерге, топ жетекшілеріне алғыс айтамыз.
Ұйымдастырушы: А-302 тобы жетекшісі С.Бекмурзина, өндірістік оқыту шебері Б.Жанганашова; КБШ-206 топ жетекшісі И.Кулманова

You may also like...