«Жастар және заң: бірге ойланып көрейік» тақырыбында диалогтық ашық алаң өтті

Бүгін колледжімізде «Директор сағаты» жобасы аясында студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру және жауапты азаматтық ұстаным қалыптастыру мақсатында «Жастар және заң: бірге ойланып көрейік» тақырыбында диалогтық ашық алаң өткізілді.
Іс-шара барысында колледж директоры Ж.Ж. Жұқатаева және колледж парламенті президенті Н.Мадиярұлы студенттермен еркін форматта пікір алмасты.
Директор өз сөзінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың, ішкі тәртіп ережелерін сақтау мен өзара сыйластық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Студенттер колледж имиджін қалыптастыруда бірқатар креативті ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, арнайы платформа көмегімен студкнттер құқықтары,міндеттері,колледжге алып келуге тыйым салынған заттар туралы,ішкі тәртір ережесін сақтаудағы міндеттерін қаншалықты меңгергендіктерін бақылау мақсатында кері байланыс алынды.Нәтижесінде 95% студент өз құқығы мен міндетін білетіндігін көрсетті.
Іс-шара соңында бүгінгі көтерілген маңызды мәселелер бойынша студенттер ашық алаңда өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

✨ Жастар – елдің ертеңі, болашақтың жарқын бейнесі. Өз құқығы мен міндетін білетін, жауапкершілігі жоғары жас – мықты мемлекеттің кепілі!

You may also like...