“Үздік премия-2025” студенттерге арналған жаңа жылдық кеш өтті
Колледжімізде студенттерге арналған «Үздік премия–2025» атты жылдың үздік студенттерін анықтау мақсатында салтанатты кеш өтті. Кеш барысында әр топ өздеріне тән стильде киініп, соған сай өнерлерін ортаға салып, жоғары дайындық пен шығармашылықты көрсетті. Бұл кеш студенттердің бірлігі мен ұйымшылдығын, белсенділігі мен талантын айқын көрсетті.
Кеш соңында колледж басшысы Ж. Жиенғазықызы ерекшеленген топтар мен жекелей студенттерге арнайы номинациялар табыстады. Атап айтқанда:
«Ең үздік топ» – Электрик-103,
«Ең креативті топ» – ЛМК-104,
«Ең ерекше образ» – Тігін-102,
«Шығармашыл топ» – Тігін-203,
«Көшбасшылар лигасы» – ЛМК-301,
«Ең ұйымшыл топ» – ЛМК-201,
«Достық символы» – ВЖС-101,
«Ауызбіршілігі мол» – Аспаз-302.
Сонымен қатар жекелей студенттер келесі номинациялар бойынша марапатталды:
«Мотивация спикері» – Жұмабаев Бекарыс,
«TikTok жұлдызы» – Казов Роман,
«Уақыттың үлгісі» – Айтуар Бақдәулет,
«Ең стильді студент» – Давыдов Илья,
«Ең жанашыр студент» – Мадиярұлы Нұрдәурен.
“Достық айнасы” – Төлегенова Жұлдызай
Осындай мазмұнды да әсерлі кеш студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа жетістіктерге жігерлендірді.
Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Жаңа жыл баршаңызға мол табыс, шығармашылық шабыт пен толағай жетістіктер әкелсін!