“Үздік премия-2025” жыл қортындысы
2025 жыл колледжіміз үшін табысты әрі мағыналы жыл болды. Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж ұжымы үшін «Үздік премия – 2025» салтанатты түрде табысталды.
📌Осы игі бастама аясында кәсіподақ ұйымы тарапынан “Үздік премия -2025” номинациясының 100 мың теңгелік сертификаты еңбек адамдары – кіші қызметкерлерге бұйырды. Бұл марапат қызметкерлер үшін үлкен мотивация болып, өз ісіне деген жауапкершілік пен ынтаны арттырды. Осыған орай, аталған премия алдағы жылдары да өз жалғасын табады.
📍Жыл қорытындысы бойынша келесі номинациялар иегерлері анықталды:
• Жылдың үздік еңбек адамы – Убайтжанов Мейірбек
• Жылдың үздік тәртіп сақшысы – Боданова Айткүл
• Жылдың үздік универсал қызметшісі – Оразаев Айбол
• Жылдың үздік креативті қызметшісі – Алмағанбетова Римма
• Жылдың үздік сұрмерген қызметшісі – Салықбаев Бақытгүл
📎Сонымен қатар колледж ұжымы мен студенттері колледж директорына «Үздік директор» номинациясын табыстады.
Сондай-ақ «Talap» КЕАҚ Президентінің Алғыс хатымен Демеубаева Гүлсезім марапатталды.
🔥Алдағы жылдан күтер үмітіміз мол. Жаңа жыл әр шаңыраққа бақ-береке, табыс пен жаңа жетістіктер әкелсін!
Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
https://youtube.com/shorts/tQ8lYXb1ipg